8-9 апта тапсырмалары Дүниежүзілік сауда ұйымының тарихы, әрекетінің мақсаты, міндеттері



Download 28.94 Kb.
Date26.03.2020
Size28.94 Kb.

8-9 апта тапсырмалары

Дүниежүзілік сауда ұйымының  тарихы, әрекетінің мақсаты, міндеттері

Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің және қатысудың шарттары



Ғаламдық нарықтағы əлемдік сауданың дамуы əлем экономикасының барынша дамуына əсерін тигізбек. Бұл бағыттағы маңызды мəселенің бірі Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру болып табылады. Əлем экономикасындағы тауарлардың басым бөлігіне сыртқы сауда арқылы қол жеткізілетіндіктен, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру — қазіргі таңда əрбір ел үшін тиімді болмақ. Дүниежүзілік сауда ұйым əлемдік сауда қарым-қатынастарының шыңы, халықаралық сауда нарығына енудің бірден-бір жолы болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының басты қағидасы — отандық жəне шетелдік тауарлардың бірдей əлемдік сауда нарығында бəсекелестікке түсуі болып отыр. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біздің елімізге, біріншіден, қазақстандық тауар өндірушілердің əлемдік нарықтағы болашағының өсуіне, екіншіден, Қазақстанның өз тауарлары мен қызметтерін сыртқа экспорттауына мүмкіндік береді. Алайда біздің тауарларымыздың халықаралық стандартқа сəйкес болуы шарт.

Ғаламдану жағдайындағы мемлекеттің негізгі басымдығы — ұлттық экономиканың дамуына ықпал ету. Осы мақсатқа жету үшін əлемдік шаруашылыққа, оның ішінде ДСҰ-на, интеграциялануындағы тəуекелдіктерін мейлінше азайту қажет. Дүниежүзілік сауда ұйымы қаржы, тауарлар жəне еңбек ресурстарының еркін қозғалысының жалпы қабылданған біртекті ережелері мен қағидаларға ие ғаламдық экономикалық интеграцияны қамтамасыз ете алатын бүкіл əлемдік еркін сауда аймағын құруға бағытталған. Дүниежүзілік сауда ұйымы — əлемді бірыңғай нарыққа айналдырудың, кедендік тежеулерді азайтудың жəне əр түрлі елдердегі экономикалық заңдарды біртектіленуінің маңызды құралы [1–5].

Дүниежүзілік сауда ұйымы 1995 жылдың 1 қаңтарында Швейцарияның Женева қаласында Уругвай раунды келіссөздерінің нəтижелері бойынша құрылған болатын. Дүниежүзілік сауда ұйымына 157 ел мүше болса, 30 мемлекет пен 60-тан астам халықтық ұйымдар оның əр түрлі бөлімшелерінің қадағалаушысы мəртебесіне ие. Қазақстанның да Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі 1996 жылғы 26 қаңтарда ұйым хатшылығына ресми өтініш беруден басталған болатын. 1996 жылдың ақпанынан бастап, Қазақстан қадағалаушы ел болып келеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымы — бұл елдер арасындағы халықаралық сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. ДСҰ құрылымы жоғарғы орган — министрлік конференция негізінде құрылған. Конференция 2 жылда 1 рет шақырылады.



Дүниежүзілік сауда ұйымының мақсаты:

  • Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері негізінде халықаралық қызмет көрсету саудасын реттеу, келіссөздер жүргізу;

  • өндірістік жəне ауылшаруашылық тауарлар саудасындағы кедергілерді барынша азайту жəне əлемдік нарықтағы еркін, əділ бəсекелестікке жағдай жасау;

  • ұлттық құқықтық жүйелердегі интеллектуалдық меншік құқықтары аспектілері саласында тиімді қорғаныс тетігін жасау;

  • сауда дауларын реттеудің көпжақты тиімді тетігін құру, оған мүше-елдердің ұлттық саясатының мониторингін жүзеге асыру болып табылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымының ең басты міндеті — халықаралық саудадағы тұрақты сауда- саттыққа мүмкіндік туғызу. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін елдердің үлесі əлемдік тауар айналымының 95 %-ын құрайды, яғни бүкіл əлемдік нарықты қамтиды.

Дүниежүзілік сауда ұйымы негізге алатын басты қағидаттар мен ережелер де бар, олар:

  • кемсітусіз жүргізілетін сауда — шетелдік тауарлар мен қызмет көрсетулерге ұлттық тəртіпті ұсыну;

  • Дүниежүзілік сауда ұйымдарына қатысушы-елдер əзірлеген халықаралық сауда нормаларын қабылдау;

  • Уругвай раунды келісімдерінің пакеті ережелерімен құжаттарды сəйкестендіру;

  • халықаралық саудаға бəсекелестікті ынталандыру.

Дүниежүзілік сауда ұйымының қызметі бірігіп оны құрайтын көпжақты жəне шектеулі мүшелер саны бар сауда келісімдерін жүзеге асыру жəне реттеу; көпжақты сауда келісім сөздері үшін форумдар кызметін жүзеге асыру; сауда дауларын реттеу жолдарын іздестіру; ұлттық сауда саясатын бақылау; ғаламдык экономикалық саясатты жүзеге асырудағы өзге де халықаралық ұйымдармен қатынасу болып табылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымдарының келісімдері сыртқы сауданы, оның ішінде экспортты арттыруға мүмкіндік береді жəне қатаң көпжақты ережелер нəтижесінде кауіпсіз жəне болжамды саудаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысал ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымдарының төмендегі келісімдерін келтіруге болады: Текстиль мен киім жөніндегі келісім — Дүниежүзілік сауда ұйымдарына мүше емес елдер бұл келісімде көзделген сауданы либеризациялаудан түсетін артықшылықтарды қолдана алмайды. Бұл текстиль мен киімге импорттық квоталарды біртіндеп азайту мен өтпелі кезеңдегі он жыл ішінде тауарларға квоталарды арттыруға да тікелей қатысты. Сонымен қатар Дүниежүзілік сауда ұйымдарына мүше емес елдердің текстиль жəне киім экспорты жөніндегі жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім — бұл келісімде көзделген нарыққа енуде Дүниежүзілік сауда ұйымдарға мүше емес елдер елеулі артықшылықтарға ие бола алмайды. Олардың ауылшаруашылық өнімдерінің экспортына Дүниежүзілік сауда ұйымдарын жүргізген тарификацияның нəтижесінде кеден баждарының жоғары қойылымдары салынады. Ауылшаруашылық келісімі Дүниежүзілік сауда ұйымдары мүшелерінің ауылшаруашылық өнімдеріне сандық импорттық шектеулерді салуға рұқсат етпесе де, Уругвай раундының нəтижесінде кейбір ірі мүше-елдердің заңнамасы өзгертілді, ал олардың Дүниежүзілік сауда ұйымдарға мүше емес елдердің ауылшаруашылық импортына сандық шектеулер салуларына мүмкіндіктері бар. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болудың артықшылықтары:



  1. Дүниежүзілік сауда ұйымдарының мүшелерімен сауда қатынастары дамуының болжамы мен нақтылығы.

  2. Дүниежүзілік сауда ұйым мүшелерінің кұқықтарын пайдалану.

  3. Сауда саясатының ашықтығы мен сауда қатынастарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сауда серіктестерінің тəжірибесі.

  4. Сауда серіктестерімен құқықтар бұзылған жағдайда оларды Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде шешу механизмін қолдану.

  5. Дүниежүзілік сауда ұйымының көпжақты сауда келісімдеріне тиімді қатысу нəтижесінде өзінің сауда жəне экономикалық мүдделерін қорғаудағы құрал ретінде қолдану.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуының негізгі мақсаты — сыртқы сауда мен ішкі тауар өндірудің тұрақты экономикалық даму бағыттарын қарастыру. Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіру елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басты бағыттардың бірі екенін атап көрсеткен болатын. Еліміздегі индустриалды-инновациялық үрдістердің дамуы енді ғана басталып жатқандықтан, ұлттық экономикамыздың дамуында əлі күнге шешімін таппай келе жатқан түйінді мəселелер көп. Күні бүгінге дейін Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіре алмай келе жатқанымыз да — көп мəселенің бірі. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіруімен республика экономикасы жаңа технологиялар мен инвестициялар көмегімен дами бастамақ, отандық салалар импортпен бəсекелестік күресте нығаймақ. Өнеркəсіп тауарларына тарифтер де төмендейді; ауылшаруашылық өнімдерінің, ішкі экспорт субсидияларының тарифтері төмендейді; шетелдік компаниялардың қазақстандық нарыққа енуіне ықпал ету жағдайлары жасалады; сондай-ақ мемлекеттік заңнамалар əлемдік стандарт негізінде жасалмақ.

Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіруде келіссөздер төмендегі бағыттарда: тауарларды нарыққа шығару, қызмет түрлерін нарыққа шығару, жүйелі мəселелер, ауыл шаруашылығын қолдау арқылы жүргізілуі керек.



Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарға қосылудағы мақсаттары мен міндеттері:

  • Дүниежүзілік экономикаға ықпал жасау үрдісін күшейту;

  • Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері негізінде халықаралық сатуды реттеу;

  • Дүниежүзілік сауда ұйымдарына мүше-елдердің ұлттық сауда саясатына бақылауын жүзеге асыру;

  • қазақстандық тауарлар   мен   қызметтерді   экспорттау   үшін   дүниежүзілік   нарықтарға қолжетімділік;

  • халықаралық нормалар мен стандарттарға сəйкес елдің сауда заңнамасын реттеу;

  • елдегі болжанатын сауда-инвестициялық ортаны қалыптастыру.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кірудегі басты мəселелеріне шетелдік тауарлардың қазақстандық нарыққа ену шарттары, ауылшаруашылық жəне өнеркəсіптік тауарлар; шетелдік компаниялардың қазақстандық нарыққа кіру шарттары жатады.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарына енуінің жүйелі шарттарына нормативтік базаны өзгерту де жатады.



Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіруінің негізгі бағыттары:

  1. Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіре отырып, елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының нақты деңгейіне сəйкес келетіндей міндеттерді алып, тек соларға лайықты келісім жасау керектігі.

  2. Қытайдың позитивті тəжірибесін ескеріп, ұлттық кəсіпкерліктің кешенді, іргелі зерттелуіне ұйымдастыру жүргізілуі керек.

  1. Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіру жағдайындағы ұлттық бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенді, көпдеңгейлі, жүйелі сипатқа ие болуы.

  2. Ұлттық кəсіпкерлікті қолдау саясатында капиталдың өнеркəсіптегі шикізатты шығарушы саласынан өңдейтін, техниканы жəне ғылымды көп қажет ететін салаларына құйылуын ынталандыру керек.

  3. Елдің Дүниежүзілік сауда ұйымдарына оңтайлы кіруі мен оған сəйкес ұлттық бизнесті қолдаудағы нарықтық емес саласын, жекелеп айтсақ, ғылым мен білім беруді мемлекеттік қолдау жəне қорғау.

Жалпы, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымдарына оңтайлы кіруі туралы отандық сарапшылардың көзқарасына тоқталатын болсақ:

  1. Жоғары технологиялық өндіріс орындарында қолданылатын технологияларды импорттауға жағдай жасау, оның ішінде əуе көліктеріне.

  2. Елімізде шығарылатын тауарлар бойынша сыртқы жоғары импорттық баждарды қолдану.

  3. Бəсекелестік импорттық бажға байланысты емес, демек, шығарылатын тауарлардың құнын төмендетіп, олардың сапасын жоғарылату керек.

  4. Импорттық баж салығын көбейту керек. Баж салығын импортқа ғана өсірмей, экспортқа шығаратын тауарларға да өсіру керек. Сонда қазына көбеймек. Тауардың құнын төмендетіп, сапасын арттыру да қажет. Сонымен қатар өніммен ұсынылатын қызмет түрлерінің құнын төмендету керек. Ол не бермек? Қазақстанда өндіріс ошақтары жоқтың қасы, яғни, көп ештеңе өндірілмейді, өндіріс жəне өндіріске қажетті құралдардың бəрі сырттан келеді. Сырттан қандай баға қойылса, соған тəуелді болады жəне тасымал құнымен салынатын баж салықтары да бар. Өнімнің құны төмендесе, оның сапасы жоғарыламайды. Себебі өнім өндіруге кеткен шығындар табыстан асып кетеді. Осының бəрі жан-жақты шешімін тапқаны жөн.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіруі, біріншіден, отандық өндірушілердің бəсекеге қабілеттілігін арттырады, бұл қазақстандық өнімнің əлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Осы ұйымға қатысушылар тарапынан сауда кедергілері алынып тасталынады. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады. Жалпы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіруіне əлі де көп дайындық керек, өйткені Қазақстан өнімдерді шикізат ретінде 90 %-ды экспорттайды; өз ішіміздегі өндіріс 18 %-ды ғана құрайды; кəсіпкерлер бəсекелестікке дайын емес.

Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіру үшін мынадай экономикалық мəселелерді шешкені жөн: ҚР-да шағын жəне орта бизнесті дамыту, кəсіпкерлерге салықты жеңілдету жəне жағдай жасау; ауыл шаруашылығын реформалау. Ауылшаруашылық өнімдерін ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарыққа шығаратындай стандартқа сəйкес өндіру қажет. Басқа шет мемлекеттерден ет, сүт өнімдерін сатып алмай, елімізді өз өнімімізбен толықтай қамтамасыз ету қажет.

Дүниежүзілік сауда ұйымдарына кіру кейбір мемлекеттер үшін тиімді болса, кейбір мемлекеттер үшін тиімсіз болып отыр. Дүниежүзілік сауда ұйымдарына мүше болған 10 жыл ішінде Қырғызстан еліндегі өнеркəсіп өндірісі жоғалуға таяу. Ауыл шаруашылығы тарылып, егіншілік 35 есеге, мал шаруашылығы 30 есеге азайған. Сауда деңгейі артқанымен бəрі импорттық тауарлар негізін құрайды. Қырғызстанның ЖІӨ 98 %-ы импорттық тауарларды сатудан түседі.

ҚазНекстИнвест экспорт жəне инвестиция бойынша ұлттық агенттігінің мəліметінше, бүгінде қазақ елінде өңделген өнімдерді тұтынушы елдердің саны 105-ке жеткен. Отандық өнім жөнелтілетін алғашқы 5 мемлекетке (Қытай, Ресей, Швейцария, Түркия жəне Жапония мемлекеттері) еніп отыр. Қытайға мотор майы, аккумулятор жəне май өнімдері шығарылады. Ресейге макарон, қауын, шырын, тұз экспортталады, ал Қырғызстанға медициналық препарат пен химиялық тауарлар мен шикізаттар (өнімдер) шығарылып келсе, 2012 жылдан бастап, Hyundai жүк көлігі жөнелтіліп отыр. Қазақстанда өңдірілген тауарлардың экспорты — 2012 жылы 22 %-ға артқан, 11,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Дүниежүзілік сауда ұйымдарына мүшелікке өту қазіргі таңда ел экономикасын тұрақтандырушы факторға айналып отыр. Сонымен, Дүниежүзілік сауда ұйымының Қазақстан үшін берері мол болмақ. Үш мемлекет бірігіп құрған Кеден одағы аясындағы сауда-саттыққа көз жүгіртсек, 2011 жылғы қаңтар-қазанда ҚР-ның Кеден одағы елдерімен өзара сауда айналымы 19 млрд 559 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2010 жылдың статистикасына қарағанда 45 %-ға артық. Оның ішінде экспорт 6 млрд 166 млн АҚШ долларына (51 %-ға) өсті. Импорт 13 млрд 392 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан Республикасының экспортының құрылымы, %-бен:


  • минералды өнімдер — 1,7;

  • металдар жəне олардан жасалған бұйымдар — 23,7;

  • химия өнімдері 6,8-ды құрады.

Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан жəне Беларусь Республикасынан минералды өнімдер — 30,4 %, минералды жабдықтар — 23,1, металдар жəне олардан жасалған бұйымдар — 13,7, 12,1 % химиялық өнімдер импортталды.

2013 жылғы наурызда экспорттық жеткізілімдер бағасының газ конденсатына — 5,3 %, мысқа – 3,2, табиғи газға — 1,5, ферроқорытпаларға — 0,9 %-ға төмендеуі, олардың қорғасынға — 13 %, мырыш    пен    алюминийге   –1,7 %-дан, мұнай    өнімдеріне   –1,2 %-ға жоғарылауы тіркелді.

Импортталатын өнімдерден темекі –7,3 %, кофе — 4,2, құс еті — 2,6 %-ға арзандады, күріш — 9,8, макарон өнімдері — 7,6, қант — 4,5, өсімдік майы 4,4 %-ға қымбаттаған.

2013 жылғы қаңтар-наурыздағы сыртқы сауда айналымы 29,5 млрд АҚШ долларын құрады



(2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,9 %-ға аз), оның ішінде экспорт –20,1 млрд АҚШ доллары (7,9 % аз) жəне импорт — 9,4 млрд АҚШ доллары (2,5 %-ға өсті). Экспорт Кеден одағы елдерімен 1649,6 млн АҚШ долларын құрады, немесе 2012 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 4,6 %-ға өсті, импорт — 3462,9 млн АҚШ доллары (8,8 %-ға аз)
Download 28.94 Kb.

Share with your friends:




The database is protected by copyright ©sckool.org 2020
send message

    Main page